"Қазақтардың ішінде болған кез менің жадымда жақсы жағынан ғана сақталғанын айтпай кете алмаймын. Олар маған қонақжай әрі адал болды. Мен олардың ішінде бір ай болдым, бірге жорықтарға бардым, бірге тамақтанып, бір лашықта тұрдым. Сол кезде менде оларға олжа түрінде көрінетін ақшам, аттарым, және жеке заттарым болды. Мен олардан тек жақсылық қана көрдім. Еш құнды затымды жоғалтпадым, тіпті бір жерде ұмыт қалдырған затымды артымнан атпен қуып жетіп, өзіме тапсырған кездер болды. Сондықтан, мұндай халықты жаһандандыру керек емес, ол онсыз да кемел. Вамберидің ағылшын немесе орыс жаһандануының салыстырмалы артықшылықтары қайда апарады? Қазақтар тамаша, адал, қонақжай, бұл кемеліне келген кез келген халықта болатын қасиеттер ғой! Менің ойымша, мұндай бақытты, Құдайдың оң көзі түскен халыққа біздің жаһандану үрдісімізді (жақсы және жаман жағымен қоса) телу өкінішті болар еді".
Америкалық әскери тілші Мах-Гахан көшпелілер туралы.
А. Е. Алекторовтың "Қазақтар жайлы кітап, журнал, газет мақалаларының нұсқаулығы" атты кітабынан. Қазан қаласы. 1900 жыл
Аударған Тоғжан Қаһарбек